"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы  бойынша  білім бөлімі  Жолдыбай ауылының  негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жолдыбай отдела  образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Картинки по запросу инстаграм картинка значка

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Тәтті шай" демалыс кеші

26.02.2020

Тақырыбы: Мен бақытты баламын

Өткізілу формасы: психологиялық тренинг

Тренингтін мақсаты: Оқушылар  арасындағы қарым - қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл - күйден арылу, күш - қуат жинау, өзін - өзі тану, өзгелерге құрметпен қарай білу, өзің еркін сезінуге көмек тесу.

«Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса. Үйреткеннен не пайда, қайырымы қайтпаса» - деп Халық даналығы айтқан екен.

Тренингтің барысы:

1. «Амандасу»

2. «Көршіңе жылулық сыйлай біл»

3. «Біз біргеміз»

4. «Табиғат міңезі» жаттығуы

5. «Май шам» қортынды

1. «Амандасу» жаттығуы.

Бұл біздің алғашқы жаттығуымыз болғандықтан ен бірінші амандасумен бастайық. «Бір күдік амандық, қырық жылға азық демекші» бүгін біз есте қаларлықтай амандасайық. Біз «Бумба – Юмба» тайпасына қоршауға түстік деп елестетеміз. Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай амандасу керек. Қазір біз екі топқа бөлінеміз. Бірінші топ, екінші топқа барып бір - бірлеріңізбен мұрындарыңызбен үйкелейсіздер. Ал екінші топ, бірінші топқа барын бір – бірлеріңізбен арқаларыңызды түйістіресіздер.

2. «Көршіңе жылулық сыйлай біл»

Бұл жаттығудың мақсаты әр адамға жылулық сыйлай білу. Шеңбер жасап тұрамыз. Мен айтып тұрамын сол бойынша жасайсыздар.

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып күл,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып күл.

Бүгінгі тренинг барысы,

Біз үлкен отбасымыз.

3.«Эмоция» жаттығуы.

Шаршадым – «УҺ!» дедім.

Ренжідім – «ТУҺ!» дедім.

Қорықтым – «ОЙ!» дедім

Өкіндім – «АҺ!» дедім.

Шарасыз – «ЕҺ!» дедім.

Таңырқап – «О!» дедім.

Кейідім – «И!» дедім.

Біліп ап – «Е!» дедім.

Қуанып – «Ха-ха-ха!» дедім.

 

  Қызығушылықты ояту.

 

Оқушылар ортаға шақырылады.   Қазіргі уақыттағы өзіңіздің көңіл күйіңізді белгілеңіз.  

Мақсаты: күн бойы эмоция мен сезімге талдау жасау, жақсы психоэмоциялық көңіл-күй туғызуға үйрету.

Нұсқау: Бір күннің эмоциялық портретін жасайық. Бүгінгі күнді таңертеңнен бері еске түсіріңдер. Барлық оқиғаны қарап шығыңдар, жеке үзінділерді көз алдарына келтіріңдер. Енді соларды жазыңдар. Басқа адамдардың әсерінен болған оқиғалар мен сезімдердің астын сызып қойыңдар. Жақсы-жаманын атап көрсетіңдер.  

Керекті құралдар: адамның эмоциялары жазылған карточкалар: «қайғы-бет, қуаныш-ерін, кербездік-оң қол, мақтаншақ-арқа, үрей-аяқ, таңдану-қас».

 4) «Табиғат міңезі» жаттығуы

Қане, барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да, кенеттен, аяқ астынан жеңіл жел соқты. Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жаймен ғана, қолмен жеңіл желдің самалыңдай етіп сипаймыз.

Жел күшейді - енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз. Кенет, боран басталды –енді боран күшіңдей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз. Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей басталды - енді қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жәймен ұрамыз.

Бір кезде қатты жауын жауды - біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақ ұшымен жоғары төмен сипалаймыз.

Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз. Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді. Енді алдымыздағы адамдармен алмасамыз. Осы жаттығуды сізге алдыңызда тұрған адам жасайды.

 6) Қорытынды бөлім. «Май шам» жаттығуы

Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз әрқашанда ашық, жарқын болсын деген тілектемін.

Әдеп сақтап әманда,

Әрбір адал адамға.

Жасасаң бір жақсылық

Қайтарады саған да.

Ынтымаққа қосыл да,

Ықылас қой досыңа,

Ар - мақсатың нақ болсын,

Ақылыңнан тосылма.

Осымен бүгінгі шағын психологиялық тренингіміз аяқталды. Уақыт бөліп қатысқандарыңызға көп рахмет.

 

 

Просмотров: 210


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст