"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы  бойынша  білім бөлімі  Жолдыбай ауылының  негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жолдыбай отдела  образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Картинки по запросу инстаграм картинка значка

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қош келдің,Жаңа жыл!»

19.01.2020

Тақырыбы: «Қош келдің,  Жаңа жыл!»

Жүргізуші:

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайын.

Көргендер де, көрмеген де арманда.

Жаңа жылын құтты болсын, ағайын!

Жүргізуші:
Құрметті ата аналар, оқушылар, ұстаздар, қонақтар Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер
 Жүргізуші:
Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы құттықтау сөзін мектеп директрымыз Бекишов Ардақ Болатұлына береміз. 

Жаңа жыл, жаңа жыл

жаңа жылда жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында,

Жадырап бар бала жүр

 Жүргізуші: Енді мерекемізді әдемі әнмен бастайық

«Кел,жаңа жыл» әні Мансұрдың орындауында

Жүргізуші: Балалар біреу келе жатыр қараңдар.

Тауып көрші, сен оны.

Көңілді музыканың сүйелдеуімен Сайқымазақ кіреді.

Жүргізуші:Бұл не өзі? Неткен ғажап? Сен қайдан шықтың, а?

Сайқымазақ:  Менің атым – Сайқымазақ,

Мерекеге келіп тұрмын қараңдар

Көңілдімін, сотқарлаумын аз ғана!

Ойнағанды ұнатамын мен өте,

Жүгіремін, би билеймін тамаша

Сайқымазақ :Жарайсыңдар, балалар! Өте көңілді биледіңдер! Ой, мүлдем ұмытып кетіппін! Мені сендерге Аяз ата жіберді ғой. Ол сендердің шыршаларыңда әдемі, түрлі түсті шамдардың жоқ екенін біліп, сендерге соны беріп жіберді.

Сайқымазақ  қалтасынан шамдарды іздейді және бос лентаны шығарады.

Сайқымазақ:   Мен қатты асықтым,Мерекеге бүгінгі

Жол –жөнекей шамдарды жоғалтып алыппын –ау түсіріп

Көңілдеріңді қалдырдымТұрмын өзім қысылып!

(Сайқымазақ  жылайды)

Жүргізуші: Уайымдама, Сайқымазақ Біз балалармен бірге саған шамдарды іздеуге көмектесеміз. Тек сен қай жолмен келгеніңді көрсетші.

Сайқымазақ: Рас па, балалар? Сендер маған көмектесесіңдер ғой? Онда тездетіңдер, жолға шығайық, шамдарды қардың астында қалмай тұрып тауып алайық. Ал біз сонда менің көңілді паровозыммен шығамыз.

Сайқымазақ: Мынау  Түлкінің іздері, мана кездесіп қалып еді.

Түлкі: Кім бұл, неткен шу? Әй, Сайқымазақ, бұл сенсің бе, Жалғыз емес екенсің  жанында жүрген бұл кімдер?

Сайқымазақ:Сәлем, Түлкі! Бұл балалар- менің достарым.Аяз ата маған шам беріп жіберген еді ал мен асығыстан түсіріп алыппын

Сен осы жерден шам тауып алған жоқсың ба?

Түлкі:Мен бір шамды көріп ем,менің мыршайым ойнап жүрген.

Сайқымазақ :Түлкішек, қымбаттым, шамды бізге қайтаршы, онсыз балалар мерекені тойлай алмайды ғой.

Түлкі: Мен қуана-қуана көмектесер едім, бірақ мүлдем уақытым  жоқ.Маған Тиін моншақ сыйлаған. Мен олармен өзімнің мыршайларыма арналған шыршаны безендірмекші едім. Бірақ менің моншақтарым бұтаққа ілініп қалып, үзіліп, шашылып қалды. Енді мен оларды қардың арасынан іздеп, қайтадан жіпке тізуім керек.

Жүргізуші:Түлкішек, ал бізде моншақ бар ғой. Қарашы олар сенікі емес пе?

Моншақтар, тез бері келіңдер.

Сайқымазақ: Бізге бір би билеп беріңдер.

« Моншақтар» биі

Қыздар би орындайды

Түлкі:Моншақтарың әдемі екен, бірақ олар менікі емес. Менікі шыршаның астына, қардың арасына түсіп кетті.

Жүргізуші: Түлкішек, ендеше біз балалардан моншақты іздеуге көмектесулерін сұрайық.

«Моншақтарды жина « ойыны

Моншақтар ( кішкентай түрлі-түсті шарлар) мен ұлпа қарлар шыршаның алдына араласып шашылады. 2 ұл бала мен осынша 2 қыз шақырылады. Ұлдар ұлпа қарларды , ал қыздар моншақтарды себетке жинайды.Ойынның соңында ішіне моншақ салынған себетті Түлкі береді.

Түлкі: Рахмет, балалар менің моншақтарымды жинауға  көмектестіңдер. Ал мен мыршайыма барып, сендердің шамдарыңды алып келдім. (Сайқымазаққа береді)

Ал менің қайтуым керек,

Шыршамды безендірейік тезірек.

Түлкі қоштасып, кетіп қалады.

Сайқымазақ: Бірақ бұл бір ғана шам ғой, ал қалғанын қайдан табамыз

Жүргізуші:Ендеше біз шамдарды  іздеуді жалғастыруымыз керек.

Балалар музыканың сүйемелдеуімен паровоздың қозғалысын бейнелейді.

Сайқымазақ :Тоқтаңдар! Тоқтаңдар!Тыныш қана отырыңдар!Біреу келе жатыр.

Қоян. Қатты тонып кеттім мен тез үйге баруым керек

Мұнда біреу бар секілді?.(дірілдей бастайды)

Сайқымазақ:Қорықпа, сүйкімді Қоян  Мен досыңмын

Ал балалар менімен бірге! Жоғалған шамдарды іздеп жүрміз

Аяз ата маған Шам беріп жіберген Ал мен асығыстан

Түсіріп алыппын .Сен менің шамдарымды көрмедің бе?

Қоян: Көрдім, көрдім  Шамдар шыршаның артында

Сайқымазақ: Мүмкін, сен бізге оларды көрсетерсің.

Қоян: Көрсетуін көрсетемін ғой, бірақ мен қатты тонып кеттім, тіпті табандарымды сезбей тұрмын.

Жүргізуші: Қоян, біз саған көмектесеміз.Мерекеге келген балалар ән айтсын сен тыңда

Томирис Айдана Жанельдің орындауында ән «Жаңа Жыл»

Қоян: Мен көңілденіп қалдым Жылынып қалдым!

Міне, міне, шамдарың Қандай жарқын шамдарын.

Қоян шамдарды беріп, қоштасады және шығып кетеді.

Сайқымазақ шамдарды санайды.

Жүргізуші: Сайқымазақ, неге ашулысың?

Сайқымазақ: Тағы бір шамды таптық.

Жүргізуші: Уайымдама, қалғанын табамыз,  көңілді паровозыңа тезірек отыр.

Балалар музыканың сүйемелдеуімен паровоздағы қимылдарды салады. Музыка ойнағанда Жаңа ЖылТышқан кіреді,

Тышқан:ПИ-Пи-Пи, кім шулап жатыр?Қаты-қатты сөйлеп жатқан кім?

Сайқымазақ: Сәлем, сүйкімді Жаңа Жыл Қош келдің Тышқан, бұл мен ғой Ал, балалар менімен бірге!

Аяз ата маған, шам беріп жіберген

Ал мен асығыстан, түсіріп алыппын .Сен менің шамдарымды көрмедің бе?

Тышқан:  Көрдім сенің шамыңды.Қардың арасында жатыр  екен тауып алдым сендерге келе жатқам

Сайқымазақ: Онда жақсы болды ғой барлық шамдар түгел Сен келсең Аяз ата мен Ақша Қар да келе жатқан шығар.

Тышқан: Ия келе жатыр Ол үшін ән айтуымыз керек

Айдана мен Мансұрдың орындауында ән

Шамды жағуымыз керек

Жүргізуші:Жоқ,жанбады. Мүмкін үрлеу керек шығар( үрлейді) немесе аяқты тапырлату (тапырлатады), немесе қол шапалақтау (шапалақтайды) керек шығар.Ештеңені түсінсем бұйырмасын………Олар қалай жарқырайды?

Ендеше ойын ойнайық  «орындық ойыны»

Тамашадан көрініс

 

 

 

 

 

 

 

Тышқан: Балалар, бізге кім көмектесе алатынын білемін……Әрине, Аяз ата. Ақша Қар Ендеше оларды  шақырайық.

Балалар Ақшақармен бірге Аяз Атаны шақырады.Музыка әуенімен Аяз Ата кіреді.

Аяз ата: Жаңа жылдарыңмен! Балаларым, қонақтарым

Сайқымазақ:Аяз ата, мен сенің өтінішіңді орындадым, балаларға шамды әкеліп, бәрін шыршаға ілдік бірақ олар жанбайды. Сіз бізге шыршаны жағуға көмектесесіз бе?

Аяз ата:Көмектесемін, әрине Шамдарыңды жағамын

Тек сендер артта қалмай Қайталаңдар менімен бірге.

Қуант мені таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат

Жүргізуші: Шыршамыз жарқырады, жан-жағына сәуле шашып.!

Аяз ата:Жаңа жылды қарсы алып Би билейік, ән салып

Жүргізуші: Аяз ата бізбен бір ойын ойнаңыз.Ойынның шарты бойынша қазір біз музыка қоямыз барлығы билейді.Музыка тоқтағанда олар қатып қалу керек сіз олардың мұрнынан ұстап кедергі жасауыңыз керек кім бірінші қозғалады сол ойыннан шығады.

.« Қатырып тастаймын» ойыны

Аяз ата: Әрине.Ал көрейік кім мықты екен.Ақша қар маған көмектессін.

Аяз ата:Балалармен бірге ойнап, іздеймін мұрындарын

Егер оны алсам тауып, оларды тондыра аламын

Шеңбердің ішімен жүгіріп, балалардың мұрындарын ұстауға тырысады, олар мұрындарын қолымен жабады.

Жүргізуші: Аяз Ата сіз отырып демала тұрыңыз,ал біздің балаларымыз сізге өнерлерін  көрсетеді.

Мансұрдың орындауында ән

Аяз ата:Барлықтарың да өнерлі екенсіңдер, бірақ бізге кету басқа балалар күтіп қалды. Рахмет сендерге келесі жылы кездесеміз балалар. Мен сендерге батамды беріп, сыйлықтарымды беріп  кетейін.

Жаңа жыл жаңа бақыт, әкелсін далама құт.
Өнерлерің көп болсын, елде уайым жоқ болсын

Ақшақар: Жаңа жылмен, достарым! Жыл сайын келіп тұрамын!

Аяз ата шашу шашады. Сосын кетеді.

Жүргізуші:

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн

Бақыт болып бастады жыл дастаны

Қуанышпен келді той боп жаңа жыл

Құтты болсын жаңа бақыт достарым.

Балалар музыкамен залдан шығып кетеді.

Жүргізуші: Томирис пен Жанельдің орындауында ән

Қалғандары  Жаңа Жыл деп қайырмасын айтады

 

Просмотров: 228


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст