"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы  бойынша  білім бөлімі  Жолдыбай ауылының  негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жолдыбай отдела  образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Картинки по запросу инстаграм картинка значка

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қайырымдылық - имандылық белгісі

07.04.2019

«Қайырымдылық – имандылық белгісі»

         «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің», — дейді дана халқымыз. Қамшының сабындай қысқа өмірде шама-шарқың келгенше аялы алақан мен жан жылуын аңсайтын жандарға қол ұшын бергенге не жетсін!

Ең бастысы, өзгеге жақсылық тілеуші бола білу мақсатында Жолдыбай негізгі мектебінің  оқушылары мен ұстаздар ұжымы бірлесе отырып «Қамқорлық»-акциясы айлығының жоспарын құрып,сол жоспар бойынша іс-шаралар белгіленген уақытында өткізіп отырды.

   Мектебімізде «Асар» тобы  ІІ топтағы мүгедек жандарға  көмек көрсетіп,  үйлеріне барып, аулаларын қардан тазартып, отын жарып, қолғабыстарын тигізіп  батасын алып, ризашылықтарына бөленді.

 «Жүз бақытты жүрек» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Мақсаты: Оқушыларға мүмкіншілігі шектеулі балалардың жағдайлары туралы түсінік беру. Жарымжан балаларға мейірімділік таныта білуге, қамқорлық көрсете білуге тәрбиелеу.Оқушыларға осы тақырыпта бейнефильмдер де көрсетілді.

 «Мейірімділік – асыл қасиет» атты  пікір-талас,сұрақ-жауап,ой түйін жасай білуге арналған психологиялық тренингтер өтті.

 «Қайырымдылық – имандылық белгісі» атты мерекелік кеш өтті.Кешті мектебіміздің оқушылар комитеті ұйымдастырды.Көп балалы отбасы мен тұрмысы төмен отбасындағы балаларға мерекелік дастархан және шағын әдеби музыкалық кеш өткізді.

Бір адам жаққан отқа, мың адам жылынады. Жүректеріңізде  мейірім оты жалындай берсін, жақсылық пен қайырымдылық әрдайым тек қана молшылық әкелсін. 

«Адам баласына қолыңнан келсе, жақсылық қыл, жасаған жақсылығың алдынан шығады,» деген екен. Бір-бірімізге жақсылық жасаудан жалықпайық, достар!  Атаны ардақтау, ананы аялау, досты сүю, жолдасты құрметтеу – бізге бабаларымыздан қалған дәстүр. Бұл да – елдігіміздің нышаны.

Просмотров: 241


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст