"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы  бойынша  білім бөлімі  Жолдыбай ауылының  негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жолдыбай отдела  образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Картинки по запросу инстаграм картинка значка

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан халқының тілдері күні

 

Сабақтың мақсаты: туған елін, жерінсүйуге, еліне деген сүйіспеншілік

көзқарас қалыптастыру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Көрнекілігі: Тіл туралы жазылған қанатты сөздер, жалаушалар, шарлар.

Барысы:

Мұғалім сөзі: Қымбатты ұстаздар, оқушылар! Қазақстан халықтарының тілдер күніне орай «Тәуелсіз елдің тұтқасы – қазақы жүрек, қазақ тілі» атты айлық аясында ұйымдастырылған «Ана тілім — ардағым» атты «Тіл білгірі» танымдық ойынымызға қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: «Біл білгірі» сайысы басталады,

Білгірлерді жұршылық қарсы алады.

Көшбасшысы тілдердің қазақ тілі,

Тағы басқа тілдермен достасады, — деп сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші: Сайыскерлеріміздің білімін, шешендік шеберліктерін, зеректіктерін байқап бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1-жүргізуші: Ойынымыздың бірінші кезеңі «Бәйге». Мұнда сіздерге 12

сұрақ беріледі. Берілген сұрақтарға тез, шапшаң, жауап беру керек. Қолдарыңыздағы жалаушаны бірінші көтерген оқушы жауап береді, жауап дұрыс болмаған жағдайда келесі оқушы жауап беруге болады.

1. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42)

2. «Қызыл» сөзіне сұрақ қой? (Қандай?)

3. Дыбыстар қалай бөлінеді? (Дауысты, дауыссыз)

4. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? (Кім? Кімдер? Не? Нелер?)

5. Адамдардың қатынас құралы? (Тіл)

6. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? (15(

7. «Үш бақытым» өлеңінің авторы? (М. Мақатаев)

8. Алматы қаласы қандай таудың етегінде орналасқан?

9. Қазақ тілінде неше дыбыс бар?

10. «Ғасыр саңлағы» әңгімесі кім туралы? (Т.Әубәкіров)

11. «Алтын бесік» әңгімесінің авторы кім? (Н.Габдоллин)

12. Сөз буынға қалай бөлінеді? (Сөзде дауысты дыбыс қанша болса, сонша буын болады)

Бірінші кезең бағаларын білу (ұпайы аз оқушы ойыннан шығады)

Ойынымыздың екінші кезеңі «Мақалдың жалғасын тап»

1. Өнер алды …. (қызыл тіл)

2. Тіл тас жарады….. (Тас жармаса бас жарады)

3. Шебердің қолы ортақ … (Шешеннің тілі ортақ)

4. Тіл қаруы сөз …. (Сөз аруы — ой)

5. Сөз сөзден туады ….. (Сөйлемесе неден туады)

6. Отыз тістен шыққан сөз …..(Отыз рулы елге тарайды)

Екінші кезеңнің бағаларын білу (ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады)

Ойынымыздың үшінші кезеңі «Әдебиет әлемі». Бұл сайыста сіздерге әдебиеттік оқу пәнінен 10 сұрақ беріледі.

1. «Қазығұрт» тауы қазақстанның қай жерінде орналасқан? (Оңтүстік Қазақстанда)

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ тілі)

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туында нелер бейнеленген? (Ою-өрнек, күн, қыран)

4. Сұлтан Бейбарыс туған жерін қаай есіне түсірді? (Жусанды иіскеп)

5. «Үш бақытым» өлеңінде ақын қандай бақыт туралы айтқан? (Тіл, Отан, Халқы)

6. Абай атамыз айтқан бес асыл іс? (Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым)

7. 5 дұшпанды ата? (Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ)

8. 22 қыркүйек қандай мереке? (Тілдер мерекесі)

9. «Туған өлкем» өлеңінің авторы? (Ө.Тұрманжанов)ъ

10. «Медеу» мұз айдыны қай қалада? (Алматы қаласында)

Үшінші кезеңнің бағаларын білу (ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады)

Сайысымыздың төртінші кезеңі «Көкпар». Ойыншымыз емін – еркін ой толғаулары үшін сөздер беріледі. Сол сөздердің пайдасы мен зиянын баяндайық.

Төртінші кезеңнің бағаларын білу (ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады)

2-жүргізуші: Сайысымыздың бесінші кезеңі «Жорға». Бұл кезеңге ұпай саны бойынша алда келе жатқан екі сайыскер қатысады. Ойыншыларымыз 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап беруі керек.

I – ойыншыға:

1. Қандай сөздер бас әріппен жазылады? (кісінің аты – жөні, жер – су аттары, жан – жануарлар атаулары)

2. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (Жуан, жіңішке)

3. «Бәрінен де жақсы» мәтіні кім туралы? (Ана туралы)

4. Кешкілік қарашы, Шамдарын санашы, — атты өлең жолдары қай шығармадан алынған? (Алматы қаласы)

5. «Қасиетті шар» әңгімесі кім туралы? (Ә.Табылды(

6. Қазақстан Республикасының Астанасы қай қала? (астана қаласы)

7. Мұқағали Мақатаева Кім? (Ақын)

8. Қандай? Қай? Сұрақтарына жауап беретін сөз табы? (Сын есім)

9. Сұлтан Бейбарыстың өмірі қай елде өтті? (Араб елінде)

10. Жұп дауысты дыбыстарды ата? (а – ә, о – ө, ы — ү)

I – ойыншыға:

1. Т.Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты? (1991 ж. 2 қазан)

2. Әбілқан Қастеев кім? (суретші)

3. Қандай сөздерді тасымалдауға болмайды? (Алғашқы буыны бір дыбыстан тұратын сөздер)

4. 1935 ж. БҚО, Жымпиты ауданында дүниеге келген ақын (Қ.Мырза — Әли)

5. «У» қандай дыбыс? (Дауысты да, дауыссыз да болады)

6. Жуан дауысты дыбыстарды ата? (а,о,ы,ұ)

7. Ж.Молдағалиев қай жылы, қай жерде дүниеге келді? (1920ж. БҚО, Жыланды елді мекені)

8. Ы.Алтынсаринннің шығармаларын ата?

9. Етістікке қандай сұрақтар қойылады? (Не істеді? Не қылды? Қайтті?)

10. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)

Әр тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық?

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,

Ана тілім жасау керек мәңгілік.

Мәреге жеткен ойыншымыздың нәтижесін білу, сөз әділқазы алқасына беріледі.

Тәуелсізбін, өсемін, жетілемін,

Сен арқылы оянды көкірегім.

Тербетемін аяулы бесігімді,

Ана тілім, өркендеші, өтінемін.

Ойын жеңімпазы анықталып, сайыскерлер марапатталады.

 

Жаңартылған күні: 12.10.2020 00:15
Құрылған күні: 03.03.2021 03:28

Текст